Page 77 - Диссертация
P. 77

бар (сурет 15). Мәселен, мемлекеттік басқару органдарының азаматтардың
құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты НҚА жобаларын
қарайды, Комиссияға мүшелік етеді және заң жобалары бойынша жария
тыңдауларға шақырылады [18, 118, 119].

         Сурет 15 - Қоғамдық кеңестердің нормашығармашылық қызметке
                                     қатысу нысандары

       Ескертпе – Автормен [18, 118, 119] әдебиеттер негізінде құрылған.

      Қоғамдық кеңестердің мүшелерін жария тыңдауларға шақыруды көздейтін
қатысу нысаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек заң шығармашылық
процесс ясында қарастырылған.

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға
мүшелік ету

      Комиссияға мүшелік ету негізінде нормашығармашылық қызметке
жанама қатысу орын алады. Комиссия қолданыстағы заңнаманы және заң
жобалау процесті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысатын
болғандықтан [118] қоғамдық кеңестердің нормашығармашылық процестің
дайындау сатысымен бірге мониторинг жүргізу сатысына да қатысу
мүмкіндігі бар.

      Бүгінгі күнде Комиссияның құрамына Әділетмині жанынан құрылған
қоғамдық кеңестің өкілі ғана енген [119]. Комиссияның қарауына мемлекеттік
басқару органдары әзірлеген барлық заң жобаларының тұжырымдамалары мен
заң жобалары жататындығын және барлық мемлекеттік органдардың жанынан
қоғамдық кеңестер құрылатындығын ескеретін болсақ, Комиссияның
құрамында тек бір ғана қоғамдық кеңестің өкілі мүшелік етуі мәселелер
туғызады. Біріншіден, заң жобалау жұмысы барысында қоғамдық кеңестер тең
мүмкіндіктермен қамтамасыз етілмейді. Екіншіден, әрбір қоғамдық кеңес

                                                                77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82