» Дайындық курсы

Дайындық курсы

                                                                          АКАДЕМИЯДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Академияға оқуға түсуді жоспарлап жүрген мемлекеттік қызметшілерге арналған «Pre-sessional» дайындық курсында оқуға болатындығы туралы қуана хабарлайды.
Дайындық курсына қабылдау Академияның барлық өңірлік филиалдарында жүргізіледі. Егер Сіз басқа өңірдің мемлекеттік қызметшісі болсаңыз, онда Сіз ақпарат алу үшін Академияның сол өңірдегі филиалына жүгіне аласыз.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

«Pre-sessional» дайындық курсы академиялық хат жазу және ағылшын тілін меңгеру дағдыларын қоса алғанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білім аспектілерін оқуға бағытталған.
Курс Академиядағы магистратура және докторантура білім беру деңгейлері бойынша оқу үшін академиялық хат жазу дағдыларын жақсартуды қажет ететін мемлекеттік қызметшілерге арналған. Сонымен қатар, «Pre-sessional» курсы ағылшын тілінің деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, себебі Академияға оқуға түсуге үміткерлер IELTS, TOEFL немесе APTIS (Британдық Кеңестің тесті) тестін тапсыру арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растауы қажет.

КУРС НЕНІ ҚАМТИДЫ?

Курс 140 академиялық сағаттан тұратын семинарлар, дәрістер мен өзіндік дайындықты қамтиды.
Курс ағылшын тілінен «Elementary» деңгейі бойынша 58 сағаттық дайындықты, 14 сағаттық академиялық хат жазу дағдысын үйретуді, ағылшын тілінен «Pre-Intermediate» деңгейі бойынша 62 сағаттық оқытуды және APTIS форматындағы 6 сағаттық тест сынақтарын қамтиды.
Курсты өткізу барысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіндегі студенттерге қажет болатын білімдермен танысу мүмкіндігі болады. Алайда, осы курс бойынша оқу Сізге Академияға оқуға түсуге кепілдік бермейді, өйткені Академияның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға орын конкурстық іріктеу нәтижелері негізінде беріледі.

ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР БАР?

«Pre-sessional» дайындық курсына орын санының шектеулі екеніне байланысты үміткерлер іріктеуден өтуі қажет (Placement test). Үміткерлер іріктеу нәтижелеріне қарай топтарға бөлінетін болады.
Тест тапсыру үшін Сізге (Тест тапсыру үшін Сізге сілтемесіне немесе QR CODE арқылы өту қажет. Іріктеу нәтижелері ағымдағы жылдың 28 қарашасынан кейін электрондық поштада жарияланатын болады.
Іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге кесте электрондық поштаға жіберіледі. Сабақ ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында басталады.
Дәлелді себептерсіз бес және одан да көп сабақты жіберіп алған жағдайда курс тыңдаушылары оқудан шығарылуы мүмкін. Бос орынға тестілеу нәтижелері бойынша тізімге сәйкес кезекте тұрған кандидат қабылдануы мүмкін.
«Академиялық хат» блогының сабақтарына қатысуға үміткерлер кіріс тестілерін тапсырмай-ақ жіберіледі.
Осы курс аясында Академия белгілі бір пәндер бойынша даярламайды, дегенмен Pre-sessional алдағы оқу үшін жақсы негіз бола алады.
Курс жаңа перспективалар мен оқу стилін әкеледі деп үміттенеміз. Сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлеріміздің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалайсыздар деген үміттеміз.
Сіздерді Академияда асыға күтеміз!


Your browser does not support SVGs