Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ + АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ + БИЗНЕС сенім және тиімді шешімдер формуласы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы мемлекеттік органдар, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін Орталық пен «Eurasian Expert Council» ҚҚ басшысы, Академия түлегі Шыңғыс Лепсібаевтың бірлескен жобасы ретінде «АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ + АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ + БИЗНЕС» сенім және тиімді шешімдер формуласы» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, түрлі ҮЕҰ басшылары мен өкілдері қатысты.

Орталық басшысы Айгүл Садвокасова «Қақтығыс бар ма?» атты интерактивті жаттығу-тренинг өткізді, оның барысында қатысушыларға өзінің жеке жанжалдығының дәрежесін бағалау ұсынылды және жанжалдардың қазіргі қоғамның дамуына әсері мен рөлі туралы айтылды.

Қатысушыларға ұсынылған келесі жаттығу мемлекеттік органдар, бизнес және ҮЕҰ, ел тұрғындарының көзқарасы тұрғысынан «Бақытты қазақстандықтың портретін» құру тапсырмасы болды.  Жасалған кейстерді таныстыру және одан әрі талқылау барысында тренинг қатысушылары мемлекетіміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде қоғамның барлық салалары өкілдерінің белсенді қатысуы және тұрақты диалог қажет деген пікірге келді.

Ш. Лепсібаев «Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ және бизнеспен өзара іс-қимылы: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» тақырыбындағы өз баяндамасында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасаудағы мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидаттарын таныстырды, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процестеріне халықтың қатысу құндылықтары мен қағидаттары туралы, сараптамалық пікір алу және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне азаматтық қоғамның қатысу саясатын өзгерту бойынша іс-шараларды қалыптастыру мақсатында халықты шешім қабылдау процестеріне тарту құралдары туралы айтты.

«Азаматтық қызмет + азаматтық қоғам + бизнес» сенім және тиімді шешімдер формуласы» семинар-тренингінің қорытындысын шығару кезінде қатысушылар қоғамның түрлі салаларынан сарапшыларды тарта отырып, осындай пікірталас өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Академияға берілген сұхбат алаңы үшін ризашылықтарын білдірді.