Жаңалықтар

Әлтаир Ахметов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Әлтаир Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Әлтаир Амангелдіұлы Ахметов 1979 жылы 10 маусымда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.

Оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор

Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014).

Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде бастаған.

2003–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді.

2011 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті.

2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры болып жұмыс істеді.