Елорда да Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту бойынша «АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде» атты семинар өтті. Семинар ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігі мен АӨСШК Хатшылығы. Семинардың ашылуында ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының басшысы, полковник Қанат Әубәкіров және АӨСШК хатшылығының өкілі -Төтенше және Өкілетті Елші Қуанышев Дулат сөз сөйледі.
Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Манарбек Шакирович Кабазиев «АӨСШК кеңістігіндегі қауіпсіздік жолындағы сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында М.Ш. Кабазиев семинар тақырыбы жаһандық деңгейде сенімсіздік, геосаяси турбуленттілік пен геостратегиялық шиеленістің өсуі жағдайында ықтимал сын-қатерлерге қарсы әрекет бойынша жалпы ұстанымды әзірлеу тұрғысынан өзектілікке ие екенін атап өтті.
Азия үшін, жалпы жаһандық әлем үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті мәселе. Жаңа сипаттағы қауіп-қатерлермен ұлттық деңгейде күресу жеткіліксіз. Осы ретте, көпжақты құралдар шеңберінде әрекет етудің, ынтымақтастықтың және өзара аймақтық жүйе құру қажет. оның айқын үлгісі Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) болып табылады.
Кабазиев Манарбек Азия құрлығының қауіпсіздігі жаһандық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Осыған байланысты АӨСШК елдерінің жаңа сын-қатерлерді алдын алу, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар және әріптес елдермен өзара іс-қимыл жасау ісінде тығыз ынтымақтастық қажеттілігі туындайды.
Бұл тұрғыда ұлттық мүдделерді қорғау саласындағы мемлекеттердің саясаты мен стратегиясын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейде шешім талап ететін жаһандық сын-қатерлерді шешу мақсатында басқа елдермен және өңірлермен ынтымақтастық құру өте өзекті.
Семинарда Әзербайжан, Бангладеш, Вьетнам, ҚХР, Иран, Катар, АӨСШК хатшылығының сарапшылары қатысты.