Мемлекеттік басқаруды зерттеу секторы

Талдамалық баяндамалар

2016
1. Канадский опыт по подготовке госслужащих.
2. Национальный институт развития человеческих ресурсов (NHI).
3. Опыт Гарвардского университета, Университета Дьюк по повышению квалификации сотрудников.

2017
1. Сменяемость на государственной службе.
2. Совершенствованию подходов к оценке деятельности государственных органов по направлению «Управление персоналом» с учетом новых практик и зарубежного опыта.
3. Автоматизация государственной службы.
4. Подведомственные организации.
5. Передача функций из государственного аппарата.

2018
1. Оптимизации государственного аппарата, научное обоснование и международный опыт.

Халықаралық тәжірибеге шолу

2017
Управление городом: обзор мирового опыта.

2018
Оптимизация персонала в государственном аппарате Front Office vs. Back Office.
Программа правительства Великобритании для недавних выпускников – Civil Service Fast Stream.

Баяндамалар мен презентациялар

1. Презентация «Роль ШОС в сотрудничестве стран Центральной Азии» в Шанхайский университет политических наук и права. 27 октября 2017 г. Автор: Алмаш А.Ж. ↓:3

2. Доклад «A Role of Public Administration in Managing of the ‘Global Mobility Regime’ and the new migration trends in Kazakhstan» на 3-ей ежегодной международной конференции Международной ассоциации исследований Шелкового пути (IASS). 10-11 ноября 2017 г. Вьетнамский национальный университет социальных и гуманитарных наук, Хо Ши Мин, Вьетнам. Автор: Бастаубаева А.Ж.

3. Презентация «Цифровые инновации для трансформации сознания» в рамках DevelopmentDay АГУ. 23 февраля 2018 г. Автор: Казбек Б.Е. ↓:3

4. Презентация «Цифровые инновации на фоне прежних социальных практик» в рамках Development Day АГУ. 23 февраля 2018 г. Автор: Медеуов Ж.К. ↓:3

5. Презентация «Факторно-балльная шкала. Результаты отпроса, приемущества и отзывы». Авторы: Б. Казбек, А. Алмаш, К. Ахатова. ↓:3

Жарияланымдар мен басылымдар

1. Белесова Н.А. Основные вопросы служебной этики государственных служащих в условиях современности // Интеллектуальное лидерство: новый этап в развитии Казахстана. Сборник международной конференции для молодых ученых. В 2-х т. Т.1. Астана: АГУ, 2016.

2. Менеджмент в сфере государственной службы. Настольная книга руководителя государственного органа Республики Казахстан. Астана, 2017.

3. Bastaubayeva А. Refugee protection policy in the global world: focused on recognizing policy of asylum seekers in Germany and the United Kingdom // Государственное управление и государственная служба. 2017. №2.

4. Казбек Б.Е. Сравнительный обзор международного опыта цифровизации государственных услуг // Государственное управление и государственная служба. 2017. №4.

5. Алмаш А.Ж. Роль цифровой коммуникации в дипломатии и цифровая дипломатия Казахстана // Государственное управление и государственная служба. 2017. №4.

6. Karmys G., Bastaubayeva A. SWOT and PEST анализ цифровизации HR процессов госслужбы Казахстана // Вопросы государственного и муниципального управления. 2018. №1. (Россия).

Эксперттік алаңдар

Астана экономикалық форумы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы АЭФ аясында жыл сайын халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, ЕО және ЕЭА елдерінің шетелдік серіктестері, Азия даму банкініңЭкономикалық ынтымақтастық және дамуұйымының өкілдері, Мемлекеттік қызметтегі Аймақтық хаб өкілдерінің қатысуларымен жаһандық конференция өткізеді.

2018 жылғы конференция төмендегі тақырыптар бойынша екі панельдік пікірталастан тұрды:
1) «Мемлекеттік басқарудың digital дәуірдегі тәжірибесі мен сын-тегеуріндері»
Бұл панельдік пікірталастың мақсаты – цифровизация дәуірінде мемлекеттік басқарудың негізгі стратегиясы мен табысты тәжірибесі туралы нақты түсінік беру, басым және даму мақсаттарын анықтау. Қазақстан үшін мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін өз алдына қойылған міндеттерін іске асыруда нығайту.

2) «Цифрлық мемлекеттік басқаруға арналған дағдылар мен көшбасшылық»
Панельдік пікірталастың негізгі сұрақтары: Мемлекеттік қызметкердің цифрлық түрлендіру дәуіріндегі қоғамда қандай дағдылары болуы керек? Жасанды интеллектпен бәсекелестік кезінде қандай басшылық қабілеттілігін көрсетуі қажет? Білім беру, кәсіптік оқыту, кадрлық саясат тұрғысынан мемлекет не істеу керек?

Жалпы, панельді пікірталасқа 270-тен астам адам қатысты. Олардың ішінде Ұлыбритания, Израиль, Қырғызстан, Македония, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Эстония, БҰҰДБ өкілдері, Армения дипломатиялық миссиясының басшысы, Белоруссия, Бельгия, Грузия және т.б. елдердің өкілдері болды.

Академиядан 100-ден астам адам (магистранттар мен докторанттарды қосқанда), сонымен қатар Академияның 15 аймақтық филиалынан 30 өкіл қатысты.

Кевин Чонг (16 мамыр) және Скотт Фаргер (17 мамыр) қатысуымен АЭФ-2018 аясында, Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлы-оқытушылар құрамының қатысуымен қонақ дәрістер өткізілді.

Сондай-ақ, 16 мамырда «Атамекен» телеарнасында Кевин Чонг пен Скотт Фаргердің қатысуымен сұхбат өтті.

Сонымен қатар, 17 мамырда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы А. Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Жақыпова, шетелдік сарапшылар А.Меликишвили, О. Головенко (IHS Global Insight) және М. Ламбертсон (The Economist Intelligence Unit) қатысуларымен эксперттік кездесу өтті.

«KYZMET TALK»

Астана – 20 жылдық даму: мемлекеттік басқарудың жаңа серпіндері

Бұл мемлекеттік басқару мен қызметтің өзекті мәселелері бойынша бейресми, бірақ мүдделі пікір алмасуға мүмкіндік беретін пікірталас алаңы.
Мемлекеттік қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәжірибесі қабылданған шешімдердің көптеген аспектілері «көріністердің артында» қалатынын және оның «ішкі асүйін» түсінуге мүмкіндік бермейді. «KYZMET TALK» алаңы үлкен саясаттың қалай жасалатындығын анықтауға арналған.
«KYZMET TALK» миссиясы шешімдер қабылдайтын адамдар мен оларды үйреніп жатқан адамдар арасындағы қашықтықты азайту болып табылады.
2018 жылы 25 маусымда «АСТАНА – 20 ЖЫЛДЫҚ ДАМУ: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА СЕРПІНДЕРІ» тақырыбында «KYZMET TALK» аясында өткен алғашқы конференция өтті.
Конференция тақырыбы Астананың 20 жылдығына орайластырылған және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі елдің мемлекеттік басқару мен қызметтің қалыптасуына арналған. Спикерлердің сөздері тақырыптың әртүрлі аспектілерінде көрініс тапты, оның жалпы ағыны Астананың тұрақты дамуы үшін шешуші шарттардың бірі және елді тиімді мемлекеттік басқарудың үнемі өсіп келе жатқан деңгейі.
Конференцияның спикерлері:
Бурлаков Л.Н. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы институтының профессоры, тақырыбы: «Астана Қазақстанның тұрақты дамуындағы локомотив».
Әбдіқадыров А.Е. – Астана қаласының Инвестиция және даму бөлімінің бастығы, тақырыбы: «Астана: 20 жылдық дамуы».
Мухаметқалиев Р.З. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары, тақырыбы: «Басқару корпусының Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің қалыптасуы мен жетілдірілуі: Қазақстан Республикасының тәжірибесі».
Ж.О. Тлеукенов – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры, тақырыбы: «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру».
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолданбалы зерттеулер институтының директоры – А. Көшербаева кездесудің модераторы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы KYZMET TALK – TEDx конференциясын тұрақты негізде кәсіпқойлар, сарапшылар қауымдастығы және ғалымдар арасында жаңа ой, ұсыныс және пікір алмасу алаңы ретінде өткізуді жоспарлап отыр.


Факторлық-баллдық шәкіл: күтілетін нәтижелер мен ақиқат

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қабырғасында «Факторлық-баллдық шәкіл: күтілетін нәтижелер мен ақиқат» тақырыбында #KyzmetTalk пікірталас алаңы шеңберінде кезекті сараптамалық кездесу болып өтті.
Кездесу мақсаты мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды, соның ішінде:
— Еңбекке ақы төлеудің әділетті жүйесін қалай құру керек?
— Мемлекеттік қызметте факторлық-баллдық шәкілді енгізу тәжірибесі.
— Мемлекеттік емес саладағы үздік отандық практикалар және халықаралық тәжірибе.
Іс-шара спикері ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мотивация және бағалау басқармасының басшысы Жандос Хасен сөз сөйледі.
Сараптамалық кездесу жұмысына Қоғамдық даму министрлігінің, Энергетика министрлігінің және өзге де мемлекеттік органдардың, сонымен қатар зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Одан бөлек, кездесуге Академияның тыңдаушылары
Кездесу модераторы Академияның стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректоры Айгүл Беделбайқызы Көшербаева болды.


Жаңа уақыт жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруі керек?

23 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында #KyzmetTalk пікірталас алаңы шеңберінде «Жаңа уақыт жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруі керек?» эксперттік кездесу өтті.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов пен Қанат Мусин, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі Дияс Джубандықов, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы бөлімінің меңгерушісі Светлана Гамарник қатысты.
Талқылау барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

  • мемлекеттік қызметті трансформациялау, қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру, ашықтық, қол жетімділік және құзыреттілік басымды болуы тиіс;
  • мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және олардың өзін-өзі дамуына ықпал ету;
  • мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.