Жаңалықтар

KyzmetTalks диалогтік алаңында сарапшылық кездесу

Kyzmet Talks диалогтік алаңы шеңберінде Мемлекеттік органдар қызметі нәтижелерінің тиімділік аудитімен мониторингін талқылауға арналған сарапшылық кездесу өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Төрағасы Наталья Николаевна Годунова, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова, Сенат депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Миxаил Миxайлович Бортник пен  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің директоры Арман Тұрсынқызы Бектұрова қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік аудитті, қаржылық бақылау мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылды.

Н.Н. Годунова өз сөзінде Есеп комитетінің қызметі туралы, атап айтқанда, алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруға кедергі келтіретін кемшіліктер анықталып, аудит объектісі қызметінде нәтижелілікті арттыру мен экономикалық және әлеуметтік әсерді жақсартуда бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқан сыртқы мемлекеттік аудиттің жаңа тәсілдері туралы айтты.

Өз баяндамасында Г.Д. Қарағұсова идеология мен Ұлт жоспарының 91, 92 және 93-қадамдары бойынша ұсынылған шараларға назар аудары. Мемлекеттік аудит пен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қалай  өтуі қажет, аталған бағыттарда қандай проблемалар бар және осы проблемаларды шешудегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі туралы өзекті мәселелерді қозғады.

М.М. Бортник бюджет жобалары мен олардың атқарылуы туралы есептерді қарастырғанда, депутаттық корпус неге басты назар аударатыны жайлы айтып өтті.

Осылайша, сарапшылар мемлекеттік аудит органдарының алдында тұрған заманауи сын-тегеуріндерді, мемлекеттік сыртқы аудиттің жаңа тәсілдері мен тексеру комиссиялары қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.