Оқиғалар

Call for Applications

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Зерттеу жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Академия зерттеулерінің келесі кластерлік бағыттары бойынша айқындалады:
1. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет
2. Қоғам және саясат
3. Парасаттылық пен адалдық – тиімді мемлекет беріктігінің кепілі.
4. Адами ресурстар және өзгерістер.

Іріктеу барысында басымдық сценарийлік жоспарлау мен болжау әдістерін қолдана отырып, практикалық ұсынымдарды жасауға бағытталған, зерттеу шеңберінде төмендегі нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін жобаларға беріледі:
— сандық және сапалық көрсеткіштердің болжамды мәні;
— көрсеткіштердің ауытқуы тәуелді болып табылатын факторлар;
— шешімдерді қабылдау алгоритмі;
— ғылыми тәжірибені (қажеттілік болса) қоса алғанда, қандай да бір шешімдерді қабылдау кезінде ситуациялық модельдеу;
— тәуекелдерді бағалау;
— нәтижелерге жету мүмкіндігін бағалау.

Кластерлер аясындағы үлгі тақырыптар:

1. «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» кластері шеберіндегі тақырып: «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер».
Қойылымдық сұрақтар:
— Халықты электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдалану процесіне қалай тиімді тартуға болады?
— Халық үшін қолайлылық, МЖӘ өзара байланысын құру, уақытты тиімді пайдалану, бэк және фронт офистің жұмысын жақсарту сынды міндеттерді шешу үшін қандай құралдарды қолдану қажет?
— Реестрдегі толық автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын қалай өсіруге болады?

2. «Қоғам және саясат» кластері шеңберіндегі тақырып: «Кондоминиуммен өзін-өзі басқару».
Қойылымдық сұрақтар:
— Біз қазір қандай жағдайда тұрмыз – ТҮКШ мен тұрғын үй қорының қазіргі проблемаларын талдау, атап айтқанда өтелмеген төлемдердің артуы және тұрғын үй қорының ескіруі, қабылданып жатқан шаралардың тиімсіздігі.
— Қайда бара жатырмыз – кондоминиумдармен басқарудың баламалы нысандарын не үшін дамыту қажет? ТҮКШ саласына өзін-өзі басқару институттарын енгізудің экономикалық және әлеуметтік әсерінің болжамы.
— Ол үшін не жасау қажет – кондоминиумдармен өзін-өзі басқаруды дамытудағы мемлекеттік органдардың рөлі. Кондоминиумдарды ұйымдастыру және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдарға арналған қадамдық әдістемелік ұсынымдар.

3. «Парасаттылық пен адалдық – тиімді мемлекет беріктігінің кепілі» кластері шеңберіндегі тақырып: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамды қатыстыру»
Қойылымдық сұрақтар:
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қоғамды қалай тиімді қатыстыруға болады?
— Міндетті шешу үшін қандай құралдарды қолдану қажет?
— Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында өзара іс-қимылдың қандай форматы болуы тиіс?

4. «Адами ресурстар және өзгерістер» кластері шеңберіндегі тақырып: «Мемлекеттік органдардағы талант-менеджмент».
Қойылымдық сұрақтар:
— Мемлекеттік органдарға талант-менеджментті сәтті енгізу үшін институционалдық тетіктерді қалай тиімді қолдануға болады?
— Міндетті шешу үшін қандай құралдарды қолдану қажет?
— Мемлекеттік органның ішкі контексті қандай (кадрлық әлеует, мансаптық саты бойынша ілгерілету мүмкіндігінің болуы не болмауы, ішкі бюджеттік шектеулер мен ұйымдық мәдениет) және ол талант-менеджментті іске асыруға қатысты шешімдерді қабылдау процесіне қалай әсер етеді?

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу комиссиясы айқындайды, нәтижелері Зерттеулер комитетімен бекітіледі.
Конкурс жеңімпаздары:
— зерттеу жүргізуге шарт жасайды.
— зерттеу жобасын іске асыру үшін ақшалай қаражат алады;
— презентацияларда, баяндамаларда және жарияланымдарда зерттеу тәсілдері мен алдын ала нәтижелерді апробациялаумен аралық есепті ұсынады;
— мақала қолжазбасы, әлеуметтік зерттеулер нәтижесі, рейтингтік журналдардағы жарияланымдар және басқа да зияткерлік өнімдер түрінде қорытынды есепті ұсынады.

Қатысу үшін талаптар:
1. Конкурс тақырыбына өтінім мазмұнының сәйкесуі.
2. Өтінім мен зерттеу жобасының тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
3. Жобаны іске асыру мерзімі – грантты бөлген сәттен бастап бір күнтізбелік күн.
4. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұруы тиіс:
— жалпы ақпарат/негізгі бет (жобаның атауы, жобаның жетекшісі/авторы, тең авторлардың тізімі, Академия бөлімшесі, жобаның қысқаша аңдатпасы);
— жобаның сипаттамасы (проблеманың өзектілігі, зерттелу деңгейі, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне жетудегі ұсынылатын гипотезалар мен тәсілдер);
— зерттеу әдістері мен әдептік мәселелер;
— зерттеу ортасы;
— күтілетін нәтижелер;
— практикаға енгізу алгоритмі (әдістері);
— жеке зерттеуші немесе зерттеу тобы (құрамы, біліктілігі, жарияланымдар);
— жобаны жоспарлау және басқару;
— библиография;
— қосымша.
5. Барлық зерттеу жобалары SMART — Specific, Measurable, Attainable/Achievable, Realistic, and Time-bound және Paper Free қағидаларына сәйкес келуі тиіс.
6. Жас зерттеушілердің (40-қа дейін), докторанттар мен магистранттардың қатысуы құпталады.
7. Конкурс қорытындысын Академияның Зерттеулер жөніндегі комитеті бекітеді.

Барлық өтінімдерді онлайн нысанды толтыру арқылы жіберу қажет:
Онлайн нысан 

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон арқала хабарласуыңызға болады 75 33 09
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: Астана уақыты бойынша 2018 жылғы 15 қараша сағат 18.30-ға дейін.