Жаңалықтар

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері тілдер мен мәдениеттердің қарым-қатынастарын талқылады

Академияда Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңа өркениеттік контекстегі тіл, мәдениет, ғылым» халықаралық симпозиумы өтті. 

Іс-шара Ресей ынтымақтастық өкілеттігі, «Ресейлік ЖОО-ның түлектері» Қазақстандық қоғамдық бірлестігі, Орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының Қазақстандық қоғамдық бірлестігімен бірге өткізілді.

Симпозиумның қатысушыларына құттықтау сөзімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Андреевич Прокопенко, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Алексей Анатольевич Коропченко, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Анатолий Афанасьевич Башмаков, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі филология ғылымдарының докторы, профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова және т.б. қатысты.

Іс-шараның ашылу сәтінде 2018 жылы жарық көрген симпозиумға қатысушы-авторлардың (ғылыми, оқулық, ғылыми-танымдық кітаптар) 20-дан астам Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Мәскеу, Минск қалаларының баспаханаларынан жарық көрген жаңа басылымдардың тұсаукесер «шеруі» өткізілді. 

Симпозиум жұмысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

– Қазақ тілі әлемі: көптілділік жағдайында тілді оқыту;

– ХХI ғасырдағы ертегітану және мәдениет;

– Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Қазақстанның тілдік кеңістігі;

– Дәуір және тұлға: ғылымдағы дәстүр және сабақтастық;

– Ізгілікті педагогика: балалар арманы және кітаптары;

– Қазақстандағы өзге тілді білім беру: кеше, бүгін, ертең.

Тілдер мен мәдениеттердің, ғылыми зерттеулердің қарым-қатынастары туралы мәселелер ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Жамалбекққызы Шаймерденованың «Сөз тарихындағы глоссалар: Гомердан қазіргі мәнмәтінге дейін» тақырыбындағы актілік дәрісінде қаралды. 

Панельді дискуссияда қатысушылар Қазақстанның тілдік үдерістер дамуы мен көптілділікке қатысты (қазақ, ағылшын, Қазақстан халқы этностарының тілдері) өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстандағы тілдік білім беру,  балалар оқуының ерекшеліктері, ізгілікті педагогика аясында ата-аналардың балаларымен бірге кітап оқу мәдениетін көтеру жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар «Дәуір және тұлға» Ғылыми-ағартушылық жобасы аясында қазақстандық ғалымдар мұрасын сақтауға және олардың  еңбектерін  сандық  форматта жүргізуге  мүмкіндік  беретін, Қазақстан мен әлем ғалымдарының классикалық еңбектерін таратуда, ғылыми зерттеулер әдіснамасына қатысты өзекті сұрақтар қаралды.

Симпозиумның идеясы мен жүзеге асырылуына ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Шаймерденова және «Дәуір және тұлға» Ғылыми-ағартушылық жобасы (жетекшісі – ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Майнұр Бөрібаева) ықпал етті.

Симпозиум қатысушылары гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін шешу үшін ТМД ғалымдарының ғылыми әлеуетін біріктіретін, шығармашылық байланыстарды нығайтатын және форумды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ғылыми талқылау үшін қолайлы жағдайлар жасаған үшін алғыс білдірді, ал симпозиумның қонақтары мен қатысушыларына ұлттың рухани әлеуеті мен ұлттық кодын сақтаудың және қалыптастырудың тарихи белсенді нысаны болуға шақырады.